Қытайдың бұрынғы екі қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Қытайдың бұрынғы қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу жемқорлық айыбы бойынша өлім жазасына кесілді.

Ресми мәліметке сәйкес, экс-министрлер қызметтік өкілеттіктерін жеке пайдасына пайдаланып, ірі көлемде пара алған деп айыпталған. Олардың барлық дүние-мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленген.

Қытай заңнамасына сәйкес, ауыр жаза екі жылдан кейін орындалуы тиіс. Алайда «Синьхуа» агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл үкім кейін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

Соңғы жылдары Қытай билігі армия мен мемлекеттік құрылымдардағы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты қатаң шаралар қабылдап келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында өндіріс кезінде болатын жазатайым оқиғалар 13 пайызға азайған

Түркістанда ұрлық пен заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес күшейеді

Redaktor Arysinfo