ТҮРКІСТАН ТАРИХЫН ТАНЫТАТЫН ИНСТАЛЛЯЦИЯЛАРДЫҢ ТҮНГІ КӨРІНІСІ КӨПШІЛІК НАЗАРЫН АУДАРУДА

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласында ұлттық тарих пен рухани мұраны насихаттауға бағытталған инсталляциялар кешкі мезгілде ерекше көрінісімен тұрғындар мен қонақтардың қызығушылығын тудыруда.

Қала аумағында орналасқан сәндік композициялар мен жарықтандырылған инсталляциялар Түркістанның тарихи келбетін айшықтап, шаһардың туристік тартымдылығын арттыра түсуде. Әсіресе түнгі уақытта жарық шамдарымен көмкерілген нысандар көне шаһардың ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді.

Инсталляциялар арқылы Түркістанның бай тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтары көркем түрде бейнеленген. Бұл нысандар қала тұрғындары мен туристер үшін серуен құратын әрі естелік суретке түсетін орындардың біріне айналған.

Қалада жүргізіліп жатқан абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарының нәтижесінде қоғамдық кеңістіктердің көркі артып, тұрғындардың жайлы демалуына қолайлы жағдай жасалуда.

Ұқсас жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАҢАРУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 500 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

berdaly_oraz

Шымкентте аппарат жиыны өтті

berdaly_oraz