ҚАЗЫҒҰРТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ – КЕМЕ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Түркістан облысы суретшілерінің «Қазығұрт туралы аңыз-кеме» атты топтық шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрме қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік мектебін қалыптастырған, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, көрнекті қылқалам шебері Ғани Иляевтің 110 жылдығына арналды. Шара барысында оның бай шығармашылық мұрасын ұлықтау және Қазығұрт өңірінің тарихи- мәдени болмысын өнер тілі арқылы насихаттау мақсаты көзделді.

Экспозицияда Түркістан облысы суретшілерінің Қазығұрт аңызы мен ұлттық руханият тақырыбын арқау еткен туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Картиналар арқылы көрермендер көне аңыздың көркем бейнесін жаңаша қырынан танып, ұлттық мәдени мұраның терең мазмұнына үңілуге мүмкіндік алды.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева, қоғам қайраткері С. Абдрахман, суретші Сұлтан Ғаниұлы, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Назарбекұлы сөз сөйлеп, көрменің мәдени- рухани маңызын атап өтті.

Шара соңында қонақтар экспозициямен танысып, қылқалам шеберлерінің еңбектерінен ерекше әсер алды. Көрме ұлттық өнердің сабақтастығын дәріптеп, көрерменге рухани серпіліс сыйлады.

«Қазығұрт туралы аңыз — кеме» көрмесі 25 маусымға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Түркістан облысына іссапармен келді

Альфия Адамбек

Сарыағашта жарық бағаналары жаңартылуда

berdaly_oraz

Кентаудағы өртке байланысты жедел штаб жиыны ұйымдастырылды

berdaly_oraz