Дереккөз, фото: Түлкібас ауд әкімдігі
Аудан әкімі Асқар Естібаевнің өкімімен Жайшыбеков Нұрлан Үрметұлы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Нұрлан Үрметұлы 1992 жылғы 3 қарашада бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Қызыл ту ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімді маман. 2014 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаса, 2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2015 жылы бастап, 2015–2017 жылдары Астана қаласындағы «Астана қауіпсіздік қызметтерінің ауқымы» ЖШС-де жауынгерлік есеп командирі қызметін атқарған.
2018 жылы Түлкібас ауданы Састөбе кенті әкімі аппаратында «Жастар тағылымдамасы» бағдарламасы аясында жұмысын жалғастырып, кейін осы мекемеде статист қызметін атқарды.
2019 жылы Балықты ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалып, сол жылдың қазан айынан бастап 2024 жылдың сәуір айына дейін бас маман қызметінде еңбек етті.
2024 жылдың сәуір–шілде айлары аралығында Састөбе кенті әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істеді. Кейін Балықты ауылдық округі әкімі аппараты әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.
2025 жылғы ақпан айынан 2026 жылғы мамыр айына дейін Түлкібас ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы қызметін атқарған. Ал 2026 жылғы 5 мамырдан бастап аталған бөлімшенің басшысы лауазымына тағайындалды.
Нұрлан Үрметұлына жаңа қызметінде табыс тілеп, ауданның дамуына сүбелі үлес қоса береді деген сенім білдіреміз.
