Түркістанда 700 адамдық алып киіз үйі бар этно-кешен ашылады

Түркістан қаласында ұлттық нақыш пен заманауи сәулетті үндестірген жаңа этно-туристік кешен бой көтеруде. Ерекше пішіндегі алып киіз үй бір мезетте 700 адамды қабылдай алады. Кешеннің жалпы аумағы – 707 шаршы метр, диаметрі – 31 метр, ал биіктігі – 15,5 метр.

Нысан ірі мәдени шаралар, халықаралық форумдар, көрмелер мен этнофестивальдер өткізуге арналған. Айналасына шағын киіз үйлер тігіліп, этноауыл үлгісіндегі кеңістік қалыптастырылған. Бұл жоба түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған.

Қала билігінің мәліметінше, кешендегі әрбір элемент Түркі мемлекеттері ұйымы құрамындағы мүше және бақылаушы елдерге көрсетілген құрметтің белгісі саналады. Сонымен қатар, Түркістанның кіреберісіне орнатылған алып тайқазан түркі дүниесінің береке-бірлігі мен ынтымағын бейнелейді.Ф

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орында

Түркістан облысында 16 жылдық өтілі бар мұғалім оқушы қызға қол жүгірткен

Түркістан облысында ауыл оқушысы әлемнің 40-қа жуық университетінен шақырту алды