НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕДЕЛДІ ОРТАЛЫҒЫ РЕТІНДЕ ТАҒЫ БІР МӘРТЕ МОЙЫНДАЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Мамыр айының ортасында Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, көне шаһардың халықаралық деңгейдегі мәртебесін айқындай түсті. Түркі әлемінің рухани астанасына айналған Түркістан төрінде бірнеше мемлекеттің басшылары бас қосып, маңызды мәселелерді талқылады.

Саммит қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, Түркістан облысының тұрғындары мен халықаралық іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы пікір білдіріп, Президенттің алғысы қасиетті Түркістанның абыройы мен ел игілігі жолында еңбек еткен азаматтардың еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, Түркістан халықаралық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатын маңызды орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Түркістанға әрдайым ерекше қолдау көрсетіп келе жатқаны өңірдің дамуына серпін беріп отырғаны айтылды.

Нұралхан Көшеров өз сөзінде Түркістан тұрғындары атынан Президентке шынайы алғыс білдіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыру жолында бірлесе еңбек ететінін жеткізді.

Облыс әкімі саммиттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери сала өкілдеріне, коммуналдық қызмет мамандарына, дәрігерлерге, еріктілерге, мемлекеттік қызметшілерге және барша Түркістан халқына алғыс айтты.

«Бірлігіміз бекем болып, Түркістанымыз түлей берсін!» деген тілегін жеткізген өңір басшысы ел бірлігі мен ортақ жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ ҚАДАҒАЛАУДА

Redaktor Arysinfo

Арыста “Жасыл толқын” бастамасымен экологиялық сенбілік өтті

berdaly_oraz

Түркістан: Сауран ауданында 3,1 млрд теңгенің жобасына меморандум жасалды

berdaly_oraz