Биыл 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады

2025–2026 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биылғы оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Олардың ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

9-сыныпты үздік аяқтауға 31 мыңнан астам оқушы үміткер болса, 11-сынып бойынша бұл көрсеткіш шамамен 18 мыңға жуық.

25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Онда оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері сараланады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп бітіру іс-шараларын мейрамхана, кафе, банкет залы, демалыс базасы мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынған. Аттестаттар мен дипломдарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ ата-аналардан ақша жинауға және сыйлық талап етуге жол берілмейді. Бұл талаптар түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында TURKISTAN ROBO CUP 2025 республикалық чемпионаты өтті

Альфия Адамбек

Түркістан облысының жастары қоқыс сұрыптайтын жәшіктер орнатты

admin_arysinfo

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Redaktor Arysinfo