ТҮРКІСТАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ

Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті шаһарға деген шетелдік туристердің қызығушылығын айтарлықтай арттырды. Ірі саяси оқиғадан кейін көне қалаға келушілер саны күрт өсіп, демалыс күндері ұшақ билеттерін табу қиындай түсті. Қазіргі таңда Түркістан бағытындағы рейстерге сұраныс бірнеше есе артқан.

Қонақүйлерде бос орындар азайып, тарихи-мәдени нысандарда келушілер легі көбейген. Әсіресе Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер саны күн сайын артып келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 500 мың турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,9%- ға жоғары. Шетелдік туристер саны 23 мыңға жуықтады. Туристер көп келетін елдер қатарында Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей және Германия бар. Орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 8,5 млрд теңгеге жетті.

2026 жылдың алғашқы тоқсанында 70 мың турист тіркелсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 550 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.

Тарихи нысандарға келушілер саны 1 миллионнан асып, өсім 13%-ды құрады. Ал 2026 жылдың алғашқы 4 айында 334,8 мың адам тіркелді.

Қалада бүгінде 300-ге жуық қонақүй мен орналастыру нысаны, сонымен қатар 300-ге тарта демалыс аймағы жұмыс істейді.

Әуежай мен теміржол вокзалдарындағы жолаушылар ағынының артуы өңірдегі туризмнің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сарапшылар алдағы уақытта келушілер саны одан әрі өседі деп болжауда.

Түркістан бүгінде Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани әрі туристік орталығына айналып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды

Redaktor Arysinfo

Ерлік пен адал қызмет бағаланды: Президент бір топ азаматты марапаттады

«Яндекс таксиді» кірпішпен ұрып, бүлдірген әйел қамалды