ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА СЕЛДЕН ЗАРДАП ШЕККЕН АУМАҚТАРДА ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

2026 жылғы 24 мамырда Қазығұрт ауданының Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында нөсер жауын-шашын салдарынан сел ағыны орын алды. Қазіргі таңда жауын тоқтап, жағдай толық бақылауға алынған.

Оқиға болған аумақтарда Қазығұрт ауданы әкімдігінің коммуналдық қызметтері мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Мамандар су ағындарын өзен арналарына бағыттап, көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аудан аумағындағы арық-атыздар мен су өткізу арналары жыл басынан бері тұрақты тазартылғанымен, жауын-шашын мөлшерінің шамадан тыс түсуі салдарынан кей жерлерде су арнасынан асып кеткен.

Сел салдарынан Қ.Мәмбетұлы ауылындағы 14 тұрғын үйдің және Жіңішке ауылындағы 30 тұрғын үйдің ауласына су кірген. Қазіргі уақытта аумақтарда су бұру, тазалау және қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Апат салдарын жою жұмыстарына жалпы 12 арнайы техника мен 120 адам жұмылдырылған. Атап айтқанда: 1 КамАЗ арнайы техникасы, тіркемесі бар 4 трактор, 2 дана “3в1” арнайы трактор, 4 жүк тиегіш (погрузчик), 1 грейдер қызмет атқаруда.

Жағдайды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, барлық тиісті қызметтер тәулік бойы кезекшілік режиміне көшірілген. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының мақтанышы Ерсайын Сырайылұлы мемлекеттік наградаға ие болды

berdaly_oraz

ҚАЛА ӘКІМІ: «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ»

Redaktor Arysinfo

ШҚО-да су тапшылығы: Тозған инфрақұрылым диқандарды тығырыққа тіреді

Redaktor Arysinfo