Қазақстан азаматтарына жақсы жаңалық: шетелде тұрса да зейнетақы төленеді

Қазақстанның Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты маңызды шешім қабылдап, шетелде тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарының зейнетақы алу құқығын шектеуге болмайтынын мәлімдеді.

Соттың ұстанымы бойынша, зейнетақы алу құқығы азаматтың қай елде тұратынына емес, зейнет жасына жетуіне;  еңбек өтіліне; заңда көрсетілген талаптарды орындауына байланысты.

Яғни Қазақстан азаматтығын сақтаған және заң талаптарына сай келетін азаматтар шетелде тұрса да мемлекеттік зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Азаматтың шетелде тұруы зейнетақы тағайындаудан бас тартуға негіз болмауы тиіс деп танылды.

Конституциялық соттың нормативтік қаулысы 2026 жылғы 18 мамырдан бастап күшіне енді және ол республика аумағында міндетті түрде орындалуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік заңнаманы осы құқықтық ұстанымға сәйкестендіру ұсынылды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста балықтың бағалы түрлерін өсіру қарқынды дамып келеді

Түркістанда ауыз су саласындағы халықаралық әріптестік талқыланды

berdaly_oraz

Түркістан облысына 7 жыл: Елді мекендер сапалы инфрақұрылыммен қамтылды