Орманшылардың жалақысы екі есе өсті, бірақ жеткілікті ме?

дереккөз фото:atamekenbusiness_qaz 

«Семей орманы» резерватындағы алапат өрттен кейін орман шаруашылығын дамытуға 20 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, саладағы материалдық-техникалық база айтарлықтай күшейтілді. Жүздеген өрт сөндіру көлігі, тракторлар мен арнайы техникалар сатып алынып, резерваттың техника паркі толық жаңартылды.

Сонымен қатар орманшылардың жалақысы екі есеге өсіп, өрт сөндіруге қатысатын қызметкерлерге 100 пайыздық үстемақы енгізілді. Қазір орман өрт сөндірушісі шамамен 250 мың теңге, жүргізуші 275 мың теңге, ал станция басшысы 355 мың теңге жалақы алады.

Дегенмен өмірін қауіп-қатерге тігіп, табиғатты қорғап жүрген мамандар үшін бұл еңбекақы жеткілікті ме деген сұрақ қоғамда әлі де өзекті. Өйткені олардың жұмысы тек физикалық ауырлықпен емес, адам өміріне төнетін қауіппен де байланысты. Техника жаңарғанымен, сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Ақордадағы кадрлық өзгеріс: Қазақстан дипломатиясына жаңа серпін бере ме?

Redaktor Arysinfo

Тоқаев пен Си Цзиньпин сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Redaktor Arysinfo

«Қосылған құн – XXI ғасырдың жаңа мұнайы»: «Әділет» партиясы өнеркәсіпті дамытудың жаңа басымдықтарын талқылады

Redaktor Arysinfo