дереккөз фото: байрақ
Белгілі кәсіпкер Мұхтар Жәкішев қызы Алтынайдың үйлену тойынан кейін алғаш рет отбасы туралы ашық пікір білдірді. Оның айтуынша, қызының таңдауы болған Карл Оби екеуі алты жылдан бері бір-бірін жақсы таниды және араларындағы сезім шынайы.
Жәкішев күйеу баласының ұлтына емес, адамгершілік қасиетіне мән беретінін айтып, «қызымды шын сүйетініне сенімдімін» деген мазмұнда пікір білдірген. Сондай-ақ ол адамның қадірі ұлтымен емес, ары мен намысымен өлшенетінін атап өтті.
Айта кетейік, Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынайдың некесі соңғы күндері әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Алтынайдың таңдауы – Лондонда тұратын инвестициялық менеджер Карл Оби. Жұптың некесі Ұлыбританияда тіркеліп, кейін Алматыда тойланған.
Бұл мәселеге қатысты қоғам пікірі екіге бөлінгенімен, Жәкішев қызының бақыты бәрінен маңызды екенін жеткізді.
