Парсы шығанағында қауіп күшейді

дереккөз фото: Aikyn.kz

АҚШ Иран аумағындағы бірқатар әскери нысандарға әуе соққысын жасап, аймақтағы онсыз да күрделі жағдайды одан әрі ушықтырды. Вашингтонның мәлімдеуінше, операция АҚШ күштері мен халықаралық кеме қатынасына төнген қауіптің алдын алу мақсатында жүргізілген. Соққы барысында зымыран ұшыру алаңдары, басқару пункттері мен әскери инфрақұрылым нысандары көзделген.

Иран тарапы бұл әрекетті халықаралық құқыққа қайшы деп бағалап, жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін де екі ел арасында әскери нысандарға бағытталған өзара шабуылдар тіркеліп, Парсы шығанағындағы жағдай бірнеше рет шиеленіскен болатын.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен Иран арасындағы жаңа текетірес әлемдік мұнай нарығына, халықаралық сауда жолдарына және Таяу Шығыстағы қауіпсіздік ахуалына әсер етуі мүмкін. Әсіресе стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазы маңындағы тұрақсыздық жаһандық экономика үшін үлкен қауіп тудырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылады

berdaly_oraz

Дональд Трамптың Газа секторын тегін алуға ниеті мен Иорданияның әрекеті

berdaly_oraz

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

berdaly_oraz