Дауылдан бүлінген көлік: шығынды кім өтейді?

дереккөз фото:KAZAKSTAN

Алматыдағы қатты дауылдан кейін ондаған көлікке ағаштар құлап, материалдық шығын келтірді. Мамандар мұндай жағдайда ең алдымен оқиға орнын фото-видеоға түсіріп, полиция шақыру қажет екенін айтады.

Егер ағаш тұрғын үй аумағында болса, жауапкершілік басқарушы компанияға жүктелуі мүмкін. Ал қоғамдық аумақтағы ағаштар үшін әкімдікке қарасты мекемелер жауап береді.

Сақтандыруы бар көлік иелері сақтандыру компаниясына жүгінсе, сақтандыруы жоқ азаматтар шығынды тәуелсіз сарапшы арқылы бағалатып, жауапты ұйымнан өтемақы талап ете алады. Қажет болған жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылады?

berdaly_oraz

Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 7 жылда 4,2 есеге артты

Түркістан: Кентауда мәдениет үйі мен ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр