ТОЙДАН КЕЙІН 100-ДЕН АСТАМ АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

дереккөз фото: Байрақ

Ақтөбе облысында тойдан кейін жаппай улану дерегі тіркелді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 100-ден астам адам ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жеткізілген.

Алғашқы науқастар медициналық мекемелерге 19 маусым күні түсе бастаған. Олардың барлығы Тұмар мейрамханасында өткен банкетке қатысқан.

Дәрігерлер науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Оқиғаға байланысты тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын бастап, жаппай уланудың себептерін анықтауда.

Мамандар азаматтарды қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптардың сақталуына ерекше мән беруге шақырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА БАЛАЛАР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Әр тиын-халық игілігіне: Түркістан облысының әкімі қатаң тапсырма берді

Түркістан: Қазығұртта «IT Jas IQ» робототехника байқауы өтті