«Дәуірлік оқиға»: Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еліміздің жаңа Конституциясының заңды күшіне енуімен құттықтап, бұл күнді тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы деп атады. Президенттің айтуынша, жаңа Ата заңның күшіне енуі – бүкіл ел үшін айрықша маңызды тарихи оқиға және саяси-экономикалық реформалардың жаңа кезеңіне жол ашады.

Тоқаевтың сөзінше, жаңа Конституция мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарын жаңғыртуға, заң үстемдігін нығайтуға, сондай-ақ елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындауға негіз болады. Мемлекет басшысы референдумда қазақстандықтардың жоғары азаматтық жауапкершілік танытып, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасағанын ерекше атап өтті.

Президент бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтетінін айтып, бұл мерекенің көктемгі жаңару мен ұлттық бірлік құндылықтарын дәріптейтінін жеткізді. Сонымен қатар жаңа Конституция заң мен тәртіпті, еңбексүйгіштікті және қоғамдағы жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста қаңтар айында жоспарлы әскери оқу-жаттығулар өтеді

berdaly_oraz

Арыстың төрт жігіті Отан қорғауға аттанды

berdaly_oraz

Түлкібас ауданы аумағынан 250-ге жуық құстың түрі ұшып өтеді

berdaly_oraz