Түркістан облысында жаңа Конституцияны іске асыру жұмыстары күшейтіледі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын сапалы іске асыру мәселелері қаралды.

Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы қатысты.

Үкімет басшысы жаңа Конституция елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін атап өтіп, оның Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалардың берік құқықтық негізін қалыптастыратынын айтты. Сонымен қатар мемлекеттік институттарды жаңғырту, қоғамдық тұрақтылықты нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысының тұрғындары Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға белсенді қатысып, бастаманы қолдаған болатын. Қазіргі таңда өңірде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіру және әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында тұрғындарға ауыз су тарату уақытша тоқтаылды

berdaly_oraz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанда тарихи орындарды аралады

berdaly_oraz

Тұрғын үні – басты назарда: Арыс әкімі көтерілген мәселелерді жеке бақылауына алды

Redaktor Arysinfo