Шәмші әндері Түркістан төрінде шырқалады

18 шілде күні Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде қазақ вальсінің падишасы, көрнекті сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» фестивалі өтеді.

Музыкалық кеште қазақ эстрадасының танымал өнер жұлдыздары бас қосып, халықтың жүрегінен орын алған Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік әндерін орындайды. Фестиваль қонақтары қатарында «Жігіттер» квартеті, Мөлдір Әуелбекова, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, «Меломен» тобы, Алтынай Жорабаева және өзге де танымал әншілер бар.

Кештің жүргізушілері – Нұрсұлтан Есжан мен Алла Гаврина. Концерттің басталу уақыты – 19:00.

Шәмші Қалдаяқовтың туған өлкесі – Түркістанда өтетін бұл фестиваль ұлттық музыка өнерін ұлықтап, қазақ әнінің алтын қорына енген шығармаларды жаңа буынға кеңінен насихаттауға бағытталған. Музыкалық кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, рухани құндылықтарды дәріптейтін айтулы мәдени оқиға болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Жетісайдағы арық-атыздар мен коллекторлардың жағдайына талдау жасалды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

berdaly_oraz