Арыста әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың барысы пысықталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Арыс қаласына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы жұмыстардың барысын тексерді. Сапарға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев пен жауапты сала басшылары қатысты.

Алдымен жөндеуді қажет ететін білім беру ұйымдарының жағдайы қаралды. Ғимараттардың техникалық жай-күйі, алдағы жөндеу жұмыстарының көлемі және оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға басымдық берілді.

Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Арыс-2 теміржол вокзалының құрылыс алаңында болып, құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқынын, жобалық талаптардың орындалуын бақылап шықты.

Жұмыс сапары барысында Еркебұлан Дауылбаев әлеуметтік маңызы бар нысандарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын атап өтіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сапар аясында қала әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтіп, білім беру, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, автомобиль жолдары және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы салаларындағы жұмыстардың нәтижелері сараланды. Жиында құрылыс сапасын күшейту, жол инфрақұрылымын дамыту, заңсыз құрылысқа тосқауыл қою және әлеуметтік нысандарды уақытылы пайдалануға беру мәселелері кеңінен талқыланды.

Кеңес қорытындысында облыс әкімінің орынбасары анықталған кемшіліктерді жедел жоюды, құрылыс және жол саласындағы барлық жобаларды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Отбасы Life» сайысы өтті

berdaly_oraz

Түнгі Түркістанның көркі тіпті бөлек…

berdaly_oraz

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН АЗАМАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ АЙҚЫНЫ

Redaktor Arysinfo