«Стоп-кредит»: атыңызға несие рәсімделуінен қалай қорғануға болады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға қаржылық алаяқтықтан қорғанудың тиімді тетіктерінің бірі – «Стоп-кредит» қызметін пайдалануға кеңес береді.

Бұл қызмет арқылы кез келген азамат өз атына банк немесе микроқаржы ұйымдары арқылы жаңа несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым сала алады. Шектеу қойылғаннан кейін сіздің атыңызға кредит беру автоматты түрде бұғатталады. Қажет болған жағдайда бұл тыйымды кейін өзіңіз алып тастай аласыз.

«Стоп-кредит» қызметі жеке деректердің заңсыз қолданылуы мен алаяқтардың атыңызға несие рәсімдеу қаупін азайтуға бағытталған.

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасы немесе eGov.kz порталы арқылы бірнеше минут ішінде тегін қосуға болады.

Мамандар азаматтарға жеке мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және қаржылық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. «Стоп-кредит» – цифрлық алаяқтықтың алдын алуға көмектесетін маңызды қорғаныс құралдарының бірі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Арыста жаңа оқу жылына орай мектеп жәрмеңкесі өтеді

berdaly_oraz

Мақтаарал ауданы маңында жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша келіссөз жүргізілді