дереккөз фото:Aikyn.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхай қаласына жұмыс сапарымен барды. Президенттің бұл сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды дипломатиялық қадам ретінде бағалануда.
Қазақстан мен Қытай соңғы жылдары сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты қарқынды дамытып келеді. Сондықтан Шанхайдағы кездесулер барысында өзара тиімді жобалар, өңірлік қауіпсіздік пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.
Мемлекет басшысының жұмыс сапары аясында бірқатар жоғары деңгейдегі кездесулер өткізуі және екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін келіссөздер жүргізуі жоспарланған.
Президенттің Қытайға бұл сапары Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі – көршілес елдермен өзара сенімге негізделген стратегиялық әріптестікті тереңдетуге тың серпін бермек.
