АРЫС: ҚАЙСАР МАҢҚАРАЕВ: «АЙНАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ-ОРТАҚ МІНДЕТ»

Қоршаған ортаның тазалығы мен көркейтілуі – әрбір елді мекеннің ажарын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Айналаны абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау – тұрғындарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі. Бүгін Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев кезекті рет қала аумағын аралап, абаттандыру, көгалдандыру және құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Бұл жолы аралау қалаға кіреберістегі арка маңынан басталды. Қала басшысы Арыс–Шымкент тас жолының қос қапталына отырғызылған ағаштардың жай-күйін бақылап, жауапты мекеме өкілдеріне көшеттерді тұрақты суғарып, сапалы күтім жасауды тапсырды.
«Қазіргі таңда елді мекендерде көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, ағаштар мен гүлдер отырғызу, жасыл желектерді күтіп-баптау, көше бойларын тазалау, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, балалар алаңдарын ретке келтіру сияқты жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуі қажет»-деді әкім.
Одан кейін  Қайсар Зәкірұлы Дермене және Ақдала ауылдық округтеріне барып, ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының жай-күйін көрді. Жергілікті әкімдерге елді мекендердің тазалығы мен көркін жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Бұдан соң қала ішіндегі көшелерді аралап, абаттандыру мен инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселелерді пысықтады. Жауапты сала басшыларына анықталған кемшіліктерді жедел ретке келтіріп, жұмыстардың сапасын арттыруды тапсырды.
Сондай-ақ Арыс қаласының әкімі жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасы мен мерзіміне қатысты ескертулер айтып, нысанды уақытында әрі талапқа сай аяқтауды міндеттеді. Өз кезегінде  берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.
Абаттандыру жұмыстары тек мемлекеттік мекемелердің немесе коммуналдық қызметтердің міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, ағаштарды сындырмай, гүлзарларға зиян келтірмей, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге тастамауы тиіс.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді тазарту және көгалдандыру жұмыстарының маңызы арта түсуде. Осындай игі бастамаларға белсенді қатысу арқылы әр азамат туған жерінің көркеюіне өз үлесін қоса алады.
Таза әрі жасыл қала – тұрғындардың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің көрінісі. Сондықтан айналаны абаттандыру мен көгалдандыруды бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз қажет.
Туған жерді таза ұстап, жасыл желекке айналдыру – бүгінгі ұрпақтың келер ұрпақ алдындағы аманаты.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Жетісайда мақта, сүт кластеріне қатысты жобалар жүзеге асырылмақ

Арыста «Жас сарбаз-2025» сайысының үздіктері анықталды

berdaly_oraz