Ардагерден – аманат, ұрпаққа – кітап: Арыста рухани эстафета өтті

Түркістан облысы Арыс қаласында өскелең ұрпақты білімге, ізденіске және рухани құндылықтарға баулуға бағытталған тағылымды акция өтті.

Арыс қалалық Ардагерлер кеңесі «Ұрпақтар сабақтастығы және құндылықтар» бағдарламасы аясында «Ардагер сыйлаған кітап» акциясын ұйымдастырды.

Бастаманың негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және аға буынның өмірлік тәжірибесі мен тағылымды өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Шара барысында Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс Сағатұлы сөз сөйлеп, 2026–2029 жылдарға арналған «Ұрпақтар сабақтастығы және құндылықтар» бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.

Ол жастар тәрбиесінде адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік секілді қасиеттерді қалыптастырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар табиғатты аялау мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – жас ұрпақтың рухани дамуына тікелей әсер ететін маңызды бағыт екенін жеткізді.

«Кітап – ұрпақты ұштастыратын рухани көпір». Ардагерлердің сыйлаған әрбір кітабы – жай ғана тарту емес, кейінгі буынға қалдырған өнегелі аманат. Ол жастарды білімге, ізденіске және өзін-өзі дамытуға жетелейді.

Осындай бастамалар арқылы аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланыс нығайып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жаңа мүмкіндіктері қалыптасып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Президент мерзімінен бұрын кетсе, сайлау екі ай ішінде өтуі тиіс

berdaly_oraz

Арыс қаласының әкімі оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесін пысықтады

Альфия Адамбек

Жеңістің 80 жылдығына орай Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты