ЕҢБЕК ЕТСЕҢ – ЕЛГЕ ҮЛЕС: ҚАЗАҚСТАНДА 9,4 МИЛЛИОН АДАМ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, елдегі жұмыспен қамту, кадр даярлау және өндірістік қауіпсіздік бағыттарындағы жаңа жобалармен танысты.

Бүгінде Қазақстанда 9,4 миллион адам еңбек қызметімен қамтылған. Жыл басынан бері 475 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасса, электрондық еңбек биржасында 800 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.

Іс-шарада жұмыссыз азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларға лайықты жұмыс ұсынуға мүмкіндік беретін Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі таныстырылды. Пилоттық жоба Павлодар және Маңғыстау облыстарында 59 мыңнан астам адамды қамтыған. Жүйені қараша айынан бастап өзге өңірлерге кеңейту жоспарланып отыр.

Цифрландыру еңбек нарығымен қатар кәсіптік білім беру саласына да еніп келеді. Астанадағы Joltap бағдарламасы аясында 22,2 мың адам жұмысқа орналасу және цифрлық дағдылар бойынша білім алған. Олардың 60 пайызы жұмысқа орналасса, 2 мыңға жуық азамат жеке кәсібін ашқан.

Кәсіптік-техникалық білім беруде дуальды оқытуға да басымдық берілуде. Қазір бұл жүйеге 552 колледждің 138 мың студенті және 11 мыңға жуық кәсіпорын қатысады. Сонымен бірге 43 мың студент жұмыс берушілердің мақсатты тапсырысы бойынша білім алып жатыр.

Еңбек адамының қауіпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ. Іс-шара барысында электрондық наряд-рұқсаттар, жұмысшылардың жағдайын бақылау жүйелері, бейнеаналитика және өндірістегі жарақаттың алдын алуға арналған жасанды интеллект элементтері бар «Ақылды каска» секілді заманауи шешімдер таныстырылды.

Үкімет еңбек нарығындағы өзгерістер мен өндірістің нақты сұранысын ескере отырып, жаңа Жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеп жатыр. Кәсіптік стандарттармен жыл соңына дейін 600 жұмысшы мамандығын қамту жоспарланған.

Мемлекет басшысы еңбек адамының қоғамдағы орнын ерекше атап келеді. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев әр азаматтың адал еңбек арқылы отбасын асырап, елге пайдасын тигізуіне жағдай жасау ортақ міндет екенін айтқан.

Еңбек – тек табыс көзі емес, ел дамуының негізгі тірегі. Бүгінгі таңда бұл бағытта дәстүрлі жұмыс орындарымен қатар цифрлық технология, кәсіптік білім және жасанды интеллект мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨСІМІ ҚАРҚЫН АЛДЫ: 11 АЙДА 1,4 ТРЛН ТЕҢГЕ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ТОҢАЗЫТҚЫШ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫН АЛАДЫ