ҚЫСҚА ДА ҚЫСҚА АЙТҚАНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨРТ ПЕН УЛЫ ГАЗДАН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары күшейтіліп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілуде. Әсіресе, өрт оқиғалары мен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар қолға алынды.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жылыту маусымына дайындық барысын тексеріп, арнайы техника мен құрал-жабдықтардың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар жауапты мамандардың атқарылған жұмыстар жөніндегі есептерін тыңдады.

Қауіптің алдын алу – басты міндет. Қала аумағында әлеуметтік жағдайы ерекше назардағы 200-ге жуық тұрғын үй анықталып, ондағы газ жабдықтары мен мұржалардың жарамдылығы тексерілді. Тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, газдан улану қаупін болдырмау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында тұрғын үйлерге 200-ге жуық газ сигнализаторы орнатылып, қажетті ақпаратты қамтитын 1000-ға жуық жадынама таратылды.

Бұдан бөлек, қоғамдық көліктер мен такси автокөліктеріне қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық материалдар және QR-кодтар орналастырылды.

Жылыту маусымында қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан мамандар тұрғындарды газ жабдықтарының жарамдылығын тексеруге, мұржаларды уақтылы тазалауға және жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Алдын алу шараларына бейжай қарамау – әр отбасының амандығы үшін маңызды қадам.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІСТЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

berdaly_oraz

Әуезов театры Түркістанда 5 күн бойы үздік қойылымдарын сахналайды