АВТОЖОЛ САЛАСЫНА РЕФОРМА: ҮКІМЕТ ЖҰМЫС ТОБЫН ҚҰРДЫ

Президент тапсырмасына сәйкес Қазақстанда автожол саласын түбегейлі реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен құрылған топ жол сапасын арттыру, құрылыс стандарттарын жаңарту және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Жұмыс тобына жол құрылысының қолданыстағы жүйесін қайта қарау, цифрлық шешімдерді енгізу және саладағы ашықтықты күшейту міндеттері жүктелді.

Премьер-министр жұмыс тобына 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін автожол саласын түбегейлі реформалау бойынша, оның ішінде заңнамалық өзгерістерді қамтитын ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА БІРІНШІ ҚОҢЫРАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ОҚУШЫЛАРҒА АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

Отырар ауданында дезинсекциялық шаралар жалғасуда

«МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ МОНИТОРИНГ: ЕСКЕРТУЛЕРДІҢ 98,6%-Ы ОРЫНДАЛДЫ

Redaktor Arysinfo