Арыс қаласында 24 қазан күні «Таза жол – таза орта» атты сенбілік ұйымдастырылады. Басты мақсат – қала көшелерінің тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ретке келтіру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Тазалық тек сенбілікпен шектелмеуі керек. Ол – күнделікті дағдымызға айналатын ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын өз үйінің, әр кәсіпкер өз нысанының, әр мекеме өз аумағының тазалығына мән берсе, қаламыздың көркі де арта түседі.
Таза қала бір күнде емес, әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізбен қалыптасады!
Құрметті арыстықтар, игі бастамаға белсенді қатысып, туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық! Тазалыққа немқұрайлы қарамайық! Арысты бірге көркейтейік!
