Түркістанда ҚМДБ-ның Ислам институты ашылмақ

Түркістанда ҚМДБ-ның Ислам институты ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдерімен кездесті. Басшылық пен діни басқарма өкілдері шаһарда ҚМДБ имамдарының білімін жетілдіретін Ислам институтын ашу, институттың жұмысын жүйелендіру бойынша жол картасын әзірлеу, штаттық құрылымын жасақтау және бекіту, облыс көлеміндегі мешіт қызметкерлерінің біліктілігіне мониторинг жүргізу, жұмыстарын ақылдасты.

Облыс әкімінің орынбасары аталған институт биыл пайдалануға беріледі деп үміт артты. Бұл орталықта Қожа Ахмет Ясауи еңбектері мен ғибратты хикметтеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласының дін саласында қызмет атқарып жүрген имамдарының білімін жетілдіру көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды

Арыста «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

berdaly_oraz

Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды

1 пікір

Ерасыл 26.03.2025 at 13:04

Керемет

Жауап беру

Пікір жазу