Өңір жаңалығы: Қазығұртта «AL-FARABI»интеллектуалды ойыны өтті

Қазығұрт ауданында, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «AL-FARABI»интеллектуалды ойынының облыстық кезеңге іріктеу ойындары өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аталмыш зияткерлік сайыстың басты мақсаты – дарынды жастарды анықтау, интеллектуалды орта қалыптастыру, жастардың танымдық қызығушылығын ояту арқылы, білімге деген құштарлықтарын арттыру. Сондай-ақ азаматтық көзқарастарын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Бүгінгі білімділер бәйгесіне Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Ал, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған осындай жобалардың еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Интеллектуалды ойынға ауданға қарасты ауыл округтері мен Сарыағаш, Төлеби аудандарынан келген білімді жастар қатысып, 25 команда өзара мықтыны анықтады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, өздерінің білімдерінің арқасында үздік нәтиже көрсеткен 6 команда облыстық кезеңге қатысу үшін жолдама жеңіп алды.

Бұл интеллектуалды ойын жастарға өздерінің білім деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, жастардың арасында достық қарым-қатынастарды нығайтып, өңірдің білімді және дарынды жастарының қатарын арттыруда үлкен маңызға ие.

Ұқсас жаңалықтар

Блогер Мұрат Әбділдә қайтадан қамалды

«Виза да,ақша да жоқ»Астаналық жігіт АҚШ-қа виза аламын деп алаяққа алданып қалды

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Бәйдібек ауданында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Пікір жазу