Сарыағашта 800-ден аса адам сенбілікке қатысты

«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Осы ретте, Сарыағаш ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан»  экологиялық бағдарламасын қолдау мақсатында  сенбілік  жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жалпы тазалық шарасында  аудан  аумағы толық қамтылып, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстар тазаланып, шөптері орылды. Оған қоса, арық-атыздар тазаланып, әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған қоқыс полигондары ретке келтірілді.  Сенбілікке 800-ден аса адам біркісідей атсалысып, 5 арнайы техника жұмылдырылып, 6 тонна қоқыс шығарылды.

Жалпыаудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл – олардың аудан тазалығына қосқан үлесі.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Жетісайда су үнемдеу технологияларына басымдық берілген

ТҮРКІСТАН: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Наурыз мерекесіне орай қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады

berdaly_oraz

Пікір жазу