Шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысында дәрілеу жұмыстарына өзгерістер енгізіліп, дезинсекция жұмыстары күшейтілді. Залалсыздандыру жұмыстары облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Арнайы техникалардың саны артып, залалсыздандыру жұмыстарына әуе көлігі (дельтаплан) қолданылуда. Бұл жұмыстарға Павлодар облысынан келген мамандар тартылып, тәжірибесімен бөлісуде.

Бүгінде Сырдария өзені және Көксарай су реттегіш аумақтарына биологиялық препараттарды суға жіберу әдісі қолданылуда. Сонымен қатар су қорғау аймақтарындағы ағаштардың бұталарына, елді мекендер мен демалыс аумақтарында химиялық өңдеу әдісі қолға алынған. Бүгін 8 тонна биологиялық препараттар өзенге құйылды.

Залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізіліп, елді мекендерде жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz

Александр Лукашенко жетінші мәрте Беларусь президенті болып қайта сайланды

berdaly_oraz

САРЫАҒАШ АУДАНЫНА «ҚАЗАҚСТАН–ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ КЕЛДІ

berdaly_oraz