Арыс қаласының орталығындағы «Батырлар алаңында» салтанатты іс-шара өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл толуына орай Арыс қаласының орталығындағы «Батырлар алаңында» салтанатты іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шара барысында Қала әкімі Қайсар Маңқараев  майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт заманда дүниеден озған ардагерлердің рухына тағзым ретінде гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, жиналғандар бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, Арыс қаласынан шыққан 6 Кеңес Одағының Батырының ескерткіштеріне де гүл шоқтары қойылып, ел үшін жанын пида еткен ерлердің ерлігіне тағзым етілді.

Осылайша арыстықтар – ел тыныштығын сақтап, бейбіт өміріміздің берекесі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша әскери қызметкерлерге, сондай-ақ батыр бабаларымыздың рухына деген зор құрмет көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Шілденің аптабы: Қазақстанның кей өңірлерінде ауа температурасы +50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті дамытуды тапсырды

Альфия Адамбек

Абай облысында адам саудасымен айналысқан әйелге сот үкімі шықты

Redaktor Arysinfo