Қазығұрттық жастар 1700 метрлік биіктікке мемлекеттік Туды тікті

Қазығұрттық жастар 1700 метрлік биіктікке мемлекеттік Туды тікті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазығұрт ауданында патриоттық бағыттағы ерекше шара өтті. “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен аудан жастары Қазығұрт тауының шыңына көтеріліп, биіктігі 1700 метрден асатын тұғырға Қазақстанның мемлекеттік Туын тікті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында отансүйгіштік сезімді күшейтіп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті тереңдету. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттап, ел бірлігі мен патриотизм құндылықтарын дәріптеу болды.

Қазығұрт тауы теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 22 шақырым, ені 10 шақырымды құрайды. Жастардың бұл бастамасы – рухты көтеріп, ұлт мерейін асырған елеулі оқиғаға айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Сайрам ауданында 600 орындық жайлы мектеп салынуда

Сырдария өзені аумағына 19 тоннадан астам препарат құйылды

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ШАРДАРА АУДАНЫНДА 40 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

Пікір жазу