Түркістан: Ауыл шаруашылығы санағы — саланы дамыту бағыттарын айқындайды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен мәжіліс өткізіп, өңірдегі санақ барысын саралады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Облыс бойынша 40 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылық, 85 мыңнан астам шаруа-фермерлік қожалық, 4 мыңнан астам заңды тұлғалар санаққа қатысады деп жоспарланып отыр. Өңірлерде онлайн тіркелу бұрыштары жасақталып, жұмысын бастап кетті.

Облыс әкімінің орынбасары әсіресе интернет желісінің ақаусыз қызметін қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Жұмыс барысында туындаған мәселелерді дер кезінде назарға алып, шұғыл әрекет етуді тапсырды.

Ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең – 1-31 тамыз аралығында респонденттердің “sanaq.gov.kz” сайтында онлайн форматта сауалнаманы толтыруы арқылы жүзеге асады. Екінші кезең – ­ 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында интервьюерлермен елді мекендерді аралау, онлайн форматта деректерді енгізуі арқылы жүргізіледі.

Санақты өткізудегі басты мақсат – аграрлық сектордың дамуын болжау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы туралы толыққанды шынайы ақпарат алу.

Санақ барысында азық-түлік тауарын өндірушілердің мәліметтері тіркеледі. Белгіленген әр санат бойынша деректер толықтырылады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйін нақты деректермен зерделеп, қолдау тетіктерін қайта түзуге жол ашады.

Ауыл шаруашылығы саласын оңтайландыру және бюджет қаражатын жоспарлау үшін бұл шара аса маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК ДОСТЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН МЕН КОРЕЯ: ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz