«Мәйітін тоңазытқышта сақтап, бетпердемен ақшасын алған»: Ақтөбеде дәрігерді өлтірген мейіргер ұсталды

Ақтөбеде нефролог дәрігер Абай Айсағалиевтің өлімі бойынша тың деректер белгілі болды. Марқұмның денесі көпқабатты үйдің жертөлесінен табылған. Тергеу мәліметінше, дәрігерді оның қол астында жұмыс істеген 34 жастағы мейіргер өлтірген.

Күдікті марқұмның пәтерін сатып алу кезінде келіспеушілік туындаған соң қылмысқа барған. Ол дәрігердің мәйітін тоңазытқышқа жасырып, телефонын пайдаланып әріптестеріне «ауырып қалдым» деген хабар жіберіп отырған.

Ең сорақысы, күдікті арнайы силикон бетперде арқылы марқұмның атынан банктен 5 миллион теңге шешіп алған.

Қазір қылмыскер ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында ер адам 4 метр болатын құрылыс шұңқырына құлап кетті

САРЫАҒАШ: «ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ» — ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

berdaly_oraz