Арыс қалалық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне Мұхит Әсет Нұржанұлы тағайындалды

Арыс қалалық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне Мұхит Әсет Нұржанұлы тағайындалды,-деп хабарлайды Арысинфо.кз.

Арыс қаласы әкімінің шешімімен қалалық Кәсіпкерлік бөлімін енді Мұхит Әсет Нұржанұлы басқарады. Тағайындау ішкі конкурс нәтижесінде жүзеге асты.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев жаңа басшыға сенім білдіріп, алдағы міндеттерді сапалы атқаратынына үміт артатынын жеткізді. Қала экономикасының дамуына серпін беру, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу – бөлім жұмысының негізгі бағыттары екені атап өтілді.

Мұхит Әсет Нұржанұлы 1992 жылы Арыс қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді маман Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша, сондай-ақ Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы қалалық ішкі саясат бөлімінде бастаған. Кейін Nur Otan партиясының қалалық филиалында, Арыс қаласы әкімдігінің құрылымдарында түрлі лауазымдарды атқарды. Соңғы жылдары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде басшының орынбасары қызметін атқарып келген.

Жаңа бөлім басшысына кәсіпкерлік саласын жүйелі дамыту, бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді іске асыру және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеліп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА ҚЫСҚЫ МАУСЫМДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

berdaly_oraz

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

berdaly_oraz

Түркістан: «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасының жұмысы пысықталды

berdaly_oraz