ТҮРКІСТАНДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы Т.Бокин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында облыс әкіміне тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйі, инженерлік инфрақұрылымы және аумақтың абаттандырылуы жөнінде баяндалды. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалды.

– Мемлекет тарапынан тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Аулаларды абаттандыру, тұрғын үйлердің жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды жаңарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады. Ал жаңарған үйлерді ұқыпты пайдалану, ауланы таза ұстау – тұрғындардың ортақ міндеті. Әрқайсымыз өз ауламыздың тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, «Таза Қазақстан» бағдарламасының мәні де осында. Әрбір шағынаудандағы тұрғындар өздеріңіз секілді ауланы көгалдандырып, жанашырлықпен қараса, сана да тазара түсетіні анық, – деді Нұралхан Көшеров.

Тұрғындар үйлердің жаңғыртылып, шатырлары ауыстырылғанын, жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтып, облыс басшысына ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар олар өз ауласын таза ұстауға және көгалдандыруға белсенді атсалысып келеді.

Қазір тұрғын үйлердің ауласында жасыл желек жайқалып, абаттандыру жұмыстарының нәтижесі көрініс тапқан.

Т.Бокин көшесі Түркістан қаласындағы Яссы тұрғын үй алқабында орналасқан. Аумағында 1950-1989 жылдары салынған екі қабатты 18 тұрғын үй бар. Мұндағы 298 пәтердің жалпы ауданы 15 191 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлер қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылған.

Көпқабатты үйлер автономды газ жүйесіне көшірілген. Сонымен қатар аумақта спорт және балалар ойын алаңдары бар. Тұрғындардың өтініштері негізінде техникалық зерделеу жүргізіліп, анықталған ақауларды жою бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы аудан аумағына 8 бейнебақылау камерасы орнатылып, қазіргі таңда Түркістан облысы полиция департаментінің теңгеріміне берілді.

Сондай-ақ 2025 жылы 15 тұрғын үйдің сыртқы қасбетін бірыңғай сәулеттік келбетке келтіру мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Т.Бокин көшесіндегі №1, №3, №5, №7, №9, №11, №13, №15, №17, №19, №21, №41, №47А, №47/2 және С.Қожанов көшесіндегі №3 тұрғын үйдің қасбеттері жөнделді.

Жоба аясында қасбеттерді сырлау және әрлеу, қылталарды профнастилмен қаптау жұмыстары атқарылды.

Бұдан бөлек, 2012-2017 жылдары модернизациялау жобасы аясында тұрғын үйлердің шатырлары, кіреберістері мен қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Осылайша, Яссы тұрғын үй алқабындағы үйлердің сыртқы келбеті жаңарып, аумақтың абаттандырылуы жақсара түсті. Тұрғындардың өз ауласының тазалығы мен көркеюіне белсенді араласуы «Таза Қазақстан» қағидаттарының жергілікті жерде нақты іске асқанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан театрында “Мәңгілік бала бейне” қойылымы сахналанды

Әрбір күніңді бағалай біл

berdaly_oraz

Түркістан: Ордабасылық Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан рекордтық 140 ұпай жинады

berdaly_oraz