ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, балық шаруашылығын дамыту бағытында Түркістан облысында инвестиция тарту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аталған сала Нұралхан Көшеров басшылығымен ерекше бақылауға алынған. Нәтижесінде өңірде балық шаруашылығын дамытуға серпін беретін жаңа бастамалар қолға алынуда.

Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі – Түркістан облысы әкімдігі мен Ауыл партиясы бірлесіп ұйымдастырған «AUYL INVEST FEST. Балық аулау – 2026» алғашқы халықаралық фестивалі.

Ауқымды іс-шара балық шаруашылығын дамытуға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және отандық өнім өндірушілерді қолдауға бағытталды. Фестиваль аясында балық аулау сайыстары өткізіліп, қатысушылар өз шеберліктерін сынады. Сонымен қатар, сала мамандары арасында тәжірибе алмасу, жаңа жобаларды таныстыру және іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігі қарастырылды.

Мұндай бастамалар өңір экономикасын әртараптандыруға, ауыл шаруашылығының жаңа бағыттарын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас: Атамекендегі жарықсыз көшелер,ақпан айының соңына дейін толығымен жарықтандырылады

berdaly_oraz

Түркістан облысында борконьерлерден 80 келіге жуық балық тәркіленді

berdaly_oraz

Арыста спорт шебері Еребаев Телғозы Ағабекұлын еске алуға арналған Республикалық турнир басталды