PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Астана тағы да әлемдік киберспорттың назарын өзіне аударады. Қалада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі өтеді. Counter-Strike 2 бойынша ұйымдастырылатын бұл додаға әлемнің үздік 16 командасы қатысып, миллиондаған көрерменнің назарын өзіне аударатын ірі аренаға айналмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Турнир 15–17 мамыр аралығында Barys Arena алаңында өтеді. Жарысқа әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады.

2025 жылы өткен турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, үлкен табысқа жетті. Онлайн трансляцияларды көру көрсеткіштері рекордтық деңгейге жетіп, халықаралық аудитория тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Нәтижесінде Астана әлемдік киберспорт орталықтарының бірі ретінде өз мәртебесін нығайтты. 2026 жылы турнирдің қайта өткізілуі осы жетістіктің заңды жалғасы саналады.

Турнирдің ұйымдастырушысы – PGL Esports SRL, киберспорт жарыстарын өткізетін әлемдегі жетекші операторлардың бірі.

2026 жылғы турнирдің жүлде қоры 1,6 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайтылды. Бұл көрсеткіш оны Counter-Strike 2 бойынша өткізілетін ірі турнирлердің біріне айналдырады.

Ұқсас жаңалықтар

БІР АНАНЫҢ БАСТАМАСЫ ЖҮЗДЕГЕН БАЛАҒА МҮМКІНДІК

Альфия Адамбек

Түркістанда жас қаламгерлердің шығармашылық кездесу кеші өтті

Шымкентте еріктілер тыл еңбеккерінің жылдар бойы қараусыз қалғанын анықтады

berdaly_oraz