«ИНКАЙ» – 30 ЖЫЛДЫҚ ТАБЫС ЖОЛЫ: ӨНДІРІС ПЕН ӘЛЕУМЕТТІҢ ҮЙЛЕСІМІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапары барысында «СП «Инкай» ЖШС-нің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Аймақ басшысы стратегиялық маңызы бар кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, оның өңір дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

Мерейтой аясында қонақтарға компанияның өндірістік әлеуеті мен әлеуметтік инфрақұрылымы кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, заманауи спорт кешені, асхана, демалыс аймақтары, тұрғын блоктар мен жаттығу залдары көрсетілді. Бұл нысандар кәсіпорынның тек өндірістік көрсеткіштермен ғана емес, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да баса мән беретінін айқын аңғартады.

Іс-шара барысында 30 жылдық мерейтой құрметіне арнайы орнатылған монументтің ашылу рәсімі өтті. Бұл – компанияның қалыптасу жолы мен жетістіктерінің символы іспетті. Салтанатты жиынға қатысқан мәртебелі меймандар мен ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, кәсіпорынның ел экономикасындағы орны ерекше екенін атап өтті.

Сондай-ақ жиын соңында құрметті қонақтар арнайы кітапқа қолтаңба қалдырып, ізгі тілектерін білдірді.

Бүгінде «Инкай» компаниясы – тұрақты даму жолына түскен, заманауи талаптарға сай жұмыс істейтін, өңір экономикасының тіректерінің бірі. 30 жылдық тарихында кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілікті де басты назарда ұстап келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ғылымның басым бағыттары бойынша жобаларды қабылдайды.

Redaktor Arysinfo

Арыста «Мөлдір бұлақ» ұранымен сенбілік өтті

berdaly_oraz

Су қауіпсіздігі – Түркістан өңірінің басты басымдығы

berdaly_oraz