ҚАЗАҚСТАНДЫ ПОЙЫЗБЕН ЖАЛҒЫЗ АРАЛАП ШЫККАН ӘЙЕЛ 

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Надежда Швец 25 күн ішінде Қазақстанның барлық өңірін пойызбен жалғыз аралап шықты.

Саяхатшы 21 наурызда жолға шығып, 14 сәуірге дейін елдегі ірі қалалар мен туристік орындарды көріп шыққан. Ол тек теміржол көлігін таңдап, бір қаладан екіншісіне пойызбен қатынаған.
Надежданың айтуынша, бұл сапар оның көптен бергі арманы болған. Әр өңірдің өзіндік ерекшелігі мен табиғаты ерекше әсер қалдырған. Сондай-ақ, ол қай қалаға барса да, адамдардың қонақжайлығы мен ашықтығына тәнті болған.

Айтуынша, ол Қазақстанды пойызбен жалғыз аралаған алғашқы әйел болуы мүмкін. Қазір бұл жетістігін Қазақстанның рекордтар кітабына тіркеуге өтініш берген.
«Әр қалаға барған кезде алдымен адамдардан «қайда баруға болады» деп кеңес сұрап алдым. Жергілікті тұрғындардың көбі «ештеңе жоқ» деп қысқа қайырады. Бірақ бұл қате түсінік. Әр өлкенің, әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Тағы бір таңқалдырғаны, қайда барсам да адамдар ашық-жарқын, қонақжай» — деді турист.

Сапар барысында ол плацкарт вагондарын таңдап, жолаушылармен еркін тілдескен. Бағыты Астанадан басталып, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Талдықорған, Қонаев, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал арқылы Қостанайда аяқталған.

Турист әр қалада тарихи және көрікті жерлерді аралап, ерекше сәттерді бейнежазбаға түсіріп отырған. Мәселен, Қарағандыда Наурыз мейрамын көрсе, Көкшетауда тау басына көтерілген. Павлодарда мамонт сүйегін тамашалап, Ақтөбеде планетарийге барған.
Екі баланың анасы бұл сапарға отбасының қолдауымен шыққанын айтады. Сонымен қатар, саяхат барысында жаңа бизнес идеялар да туған.
Алдағы уақытта Надежда Швец ел ішіндегі сапары туралы шағын фильм түсіріп, өзге адамдарға шабыт беруді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Малшылар мен шопандарға зейнет жасын төмендету ұсынылды

berdaly_oraz

ҚР КӘСІПОДАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Redaktor Arysinfo

Полиция мен тұрғын 3 жасар баланы құтқарып қалды