ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕСМҰРАТ ОБАЕВ өмірден өтті

Есмұхан Обаев — Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер, театр режиссері әрі профессор дүниеден өтті.

Есмұхан Несіпбайұлы — платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты. Ол саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнады.

Өнерге адалдық пен кәсіби жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен тұлға ретінде ол көптеген шәкірт тәрбиелеп, бірқатар маңызды қойылымдарды сахналап кетті. Оның еңбегі мен қалыптастырған шығармашылық мектебі қазақ театрының алтын қорында сақталады.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Иманы жолдас болсын

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КЕЗІНДЕ ЖАСӨСПІРІМНІҢ ІЗГІ ӘРЕКЕТІ КӨПШІЛІККЕ ҮЛГІ БОЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда 348 отбасы жаңа баспаналы болды

berdaly_oraz

ЕРЛАН ҚОШАНОВ – ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: ЖАҢА ЛАУАЗЫМҒА ЖАСЫРЫН ДАУЫСПЕН САЙЛАНДЫ

Redaktor Arysinfo