САРЫАҒАШТА «ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫ» АТТЫ АСПАЗДАР САЙЫСЫ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Сарыағаш ауд әкімдігі

Сарыағаш ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық саябақта «Достық дастарханы» атты аспаздар сайысы ұйымдастырылды.

Мерекелік шара аясында өткен байқауға түрлі этнос өкілдерінен құралған 10 аспаз қатысып, өзара шеберліктерін сынға салды. Қатысушыларға 2 келі күріштен палау дайындау тапсырмасы беріліп, олардың тағам әзірлеудегі кәсіби деңгейі, ұлттық ерекшеліктерді сақтау шеберлігі және дәм сапасы жан-жақты бағаланды.

Тәжірибелі мамандардан құралған әділқазылар алқасының шешімімен І орын Сарыағаш қаласының тұрғыны Ушуров Ғанижанға бұйырды. ІІ орынды Ақжар ауылдық округінен Тәнір Мақсұт иеленсе, ІІІ орын Құркелес ауылдық округінен Абсаматов Зохиджонға берілді.

Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев құттықтап, арнайы дипломдар мен тұрмыстық техникаларға сертификаттар табыстады.

Аталған іс-шара аудан тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға топтастырып, ел ішіндегі татулық пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Сонымен қатар көпұлтты мәдениеттің сабақтастығын дәріптеп, халықтар достығын нығайтуға өз үлесін қосты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫНА» 15 БАЛУАНТАС ЕНДІ

Альфия Адамбек

2025 жыл Arysinfo үшін несімен есте қалды?

berdaly_oraz