ПАРАСАТ ПЕН ПОЭЗИЯ ҮНДЕСКЕН КЕШ

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Арыс қалалық білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беретін Келешек мектебінің акт залында «Парасат пен поэзия үндескен» атты рухани-шығармашылық кездесу кеші өтті.

Кештің құрметті қонақтары – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Арыс қаласының Құрметті азаматы, белгілі ақын Темірхан Әбдіков пен Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ақын Роза Сұлтанәлиева болды. Қаламгерлердің келуі кештің мазмұнын байытып, мәнін арттыра түсті.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сахна ерекше безендірілді. Сонымен қатар ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме қойылып, келген қонақтарға рухани азық сыйлады.

Кеш шымылдығын мектеп директоры Талғат Ахметов ашып, жиналған қауымды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, ақындарға шығармашылық табыс тіледі.

Шара барысында қос ақынның өмір жолына қысқаша шолу жасалып, олардың шығармашылық мұрасы таныстырылды. Мектеп оқушылары ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқап, би билеп, күй орындап, өнерлерін паш етті. Жас буынның өнерге деген қызығушылығы мен құрметі кеш көркін аша түсті.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі – ақындардың өз жүректерінен шыққан жырларын оқуы болды. Сонымен қатар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап беріп, жастарға ой саларлық тағылымды әңгімелер өрбіді.

Шара соңында қонақтар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мектеп директоры Талғат Ахметовке, кәсіби бағдар беру педагогы Жанар Абсадыққызы мен Оспан Динаға ризашылықтарын жеткізді. Ақындарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталып, гүл шоқтары ұсынылды.

Бұл кеш – парасат пен поэзия тоғысқан, жүрекке жылу сыйлаған тағылымды әрі әсерлі рухани басқосу болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста 2 кіші футбол алаңы пайдалануға берілді

“ ПАЙ-ПАЙ, ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ” АТТЫ КЕЛІНДЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ.

berdaly_oraz

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

berdaly_oraz