ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСТАР АРАСЫНДА ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ДОДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан қаласында жастар арасындағы QAZAQSTAN KUBOGY хоккей турнирінің топтық кезеңі өтіп жатыр.

Биылғы додаға еліміздің әр өңірінен 13 команда қатысып, үш топқа бөлінген. Кубок ойындары Павлодар, Теміртау және Түркістан қалаларында ұйымдастырылуда.

Түркістан қаласы турнирдің «С» тобын қабылдады. Аталған топта Өскеменнің «Торпедо», Петропавлдың «Құлагер», «Алматы» және алаң иелері – «Turan Tigers» командалары бақ сынауда.

Түркістандағы топтық кезеңнің алғашқы ойыны «Торпедо» мен «Құлагер» командаларының кездесуімен басталды. Ал кешкі сағат 19:00-де мұз айдынына алаң иелері – «Turan Tigers» пен «Алматы» командалары шықты.

Тартысты өткен кездесуді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тамашалап, жас спортшыларға қолдау көрсетті.

Түркістандық жанкүйерлер үшін бұл ойынның маңызы ерекше. Себебі «Turan Tigers» өз алаңында өнер көрсетіп, жастар арасындағы Қазақстан Кубогы жолындағы бәсекеге кірісті.

Турнирдің Түркістандағы келесі ойындары да «Мұз сарайында» өтеді. 28 тамызда «Turan Tigers» «Торпедомен» кездессе, 30 тамызда түркістандықтар топтағы соңғы ойынын «Құлагерге» қарсы өткізеді.

Алдын ала кезең қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алады. Жартылай финал мен финалдық ойындар 2-3 қыркүйекте Теміртау қаласында өтеді.

Түркістан төріндегі тартысты бәсекеде жас хоккейшілерге сәттілік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ТӘРБИЕШІЛЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АЙДАР АРАПОВ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Альфия Адамбек

Сборная Казахстана завоевала шесть медалей на Международной математической олимпиаде

Redaktor Arysinfo