ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АЛЫП ТУДЫ КӨТЕРДІ

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Түркістан облысында патриоттық бағыттағы ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Шараны облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді.

Түркістан қаласындағы футбол алаңында өңірдің белсенді жастары үлкен көлемдегі Мемлекеттік туды бірлесе көтеріп, рәміздерге деген ерекше құрметін білдірді. Қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды хормен шырқап, Ту, Елтаңба және Әнұран туралы тарихи және құқықтық мәліметтермен танысты.

Жастардың бұл бастамасы — елдік сана мен патриоттық рухты арттыруға бағытталған үлгілі қадам. Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет олардың азаматтық жауапкершілігін айшықтап, ұлт бірлігінің символына айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте полицей тергеу изоляторындағы әйелді зорлағаны үшін 9 жылға сотталды

berdaly_oraz

Шымкентте 20 жыл бойы баспана күткен тұрғын әкімнен көмек сұрады

berdaly_oraz

«Арыс» футбол клубы сырт алаңда сенімді жеңіске жетті

berdaly_oraz

Пікір жазу