ТҮРКІСТАНДЫҚ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Бірінші лигасының сегізінші турында түркістандық «Тұран» өз алаңында Екібастұздың «Батыр» командасын қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері ойын тізгінін қолға алды. Матчтың 20-минутында Алимжан Еркен алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты.

Екінші таймда «Тұран» шабуылды үдете түсті. 52-минутта Алимжан Еркен тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Арада тоғыз минут өткенде шабуылшы хет-трик рәсімдеді. Ал 82 — минутта Оркен Махан төртінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.

Осы жеңістен кейін «Тұран» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Келесі турда түркістандық клуб ақтаулық «Каспий М» командасымен кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы іс-шара қарқынды жүруде

Ерлікке тағзым: Түркістан облысында полиция гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ ҚАДАҒАЛАУДА

Redaktor Arysinfo