ЖОЛ, СУ, ЖАЙЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК: ЖАНДОС ЕСЕНҚҰЛОВ АРЫСТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

Туған өлкенің дамуы – тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселелерді шешуге жүйелі түрде атсалысудан басталады. Арыс қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Жандос Есенқұлов сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету және инфрақұрылымды жақсарту бағыттарын негізгі басымдық ретінде айқындаған.

Жандос Оразәліұлы Есенқұлов 1989 жылы 25 маусымда Арыс қаласына қарасты Теміржолшы ауылында дүниеге келген. Білімін экономика, қаржы, құқық және ветеринарлық медицина бағыттарында жетілдірген. Бұл оның еңбек жолында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы салаларын қатар меңгеруіне мүмкіндік берді.

Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде экономист көмекшісі болып бастаған. Кейін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы саласында, кәсіпкерлерге кеңес беру және рұқсат құжаттарын рәсімдеу бағыттарында қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін басқару тәжірибесін жинақтады.

Әр жылдары «Ай Арыс» және «ҚазАгроОазис» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің төрағасы, мал шаруашылығы бағытындағы республикалық палаталарда бөлім басшысы және директор қызметтерін атқарды. 2023 жылдан бері «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің Арыс қалалық бөлімін басқарып келеді.

Оның кәсіби тәжірибесі жергілікті кәсіпкерлердің, шаруалардың және ауыл тұрғындарының мәселелерімен тікелей жұмыс істеуге негізделген. Сондықтан үміткердің сайлауалды бағдарламасында экономикалық даму мен ауыл шаруашылығын қолдау мәселелеріне айрықша назар аударылған.

Бағдарламадағы маңызды бағыттардың бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Жандос Есенқұлов кәсіпкерлер мен аграрлық сектор өкілдеріне мемлекеттік гранттар, жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар туралы ақпарат беруді, рұқсат құжаттарын рәсімдеу кезінде құқықтық сүйемелдеу көрсетуді қолдауды көздейді.

Сондай-ақ кәсіп ашуға ниетті азаматтар мен шаруалардың жолын кесетін артық бюрократиялық кедергілерді азайтуға ықпал етуді мақсат етеді.

Үміткердің назар аударған тағы бір мәселесі – Дермене елді мекеніндегі дәрілік шөптер өндірісін қайта жандандыру. Дермененің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, дәрілік өсімдіктерді өсіру мен өңдеу ісін дамыту жергілікті кәсіпкерлікке жаңа серпін беріп, тұрғындар үшін қосымша табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Агросекторды қолдау да бағдарламаның маңызды бөлігі. Мал, балық және егін шаруашылықтарын дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу, жергілікті өнімді тікелей нарыққа шығаруға жағдай жасау мәселелері көтерілген. Бұған қоса Дермене, Теміржолшы, Орманды және №40 разъезд тұрғындары үшін жайылымдық жерлердің аумағын ұлғайтуға ықпал ету көзделген.

Жарияланым кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан төленді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

Redaktor Arysinfo

Азизхан Исмаилов: «Тапсырма тиянақты әрі сапалы орындалуы тиіс»

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo