Түркістанда 10 мыңнан астам жасты біріктірген белтемір турнирі өз мәресіне жетті

Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – жастардың құқықтық мәдениеті: «Тәртіпке тартыл» атты облыстық белтемірге тартылу жарысының финалдық кезеңі өтті.

Ауқымды спорттық іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметті арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың, лудомания мен қаржылық алаяқтықтың алдын алу.

Облыстың барлық аудан-қалаларында өткен іріктеу кезеңдері мен финалдық сынға 10 мыңнан астам жас қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жеңімпаздар: 14–20 жас:  Али Мамедов (Сарыағаш)  Айбек Жарылқасын (Созақ)  Николай Александр (Созақ)

21–28 жас:  Елнұр Сағымбеков (Түлкібас) Бегасыл Совет (Бәйдібек) Мағжан Әріпбай (Қазығұрт)

29–35 жас: Илья Волкотюк (Арыс) Нұрболат Орынтай (Түркістан)  Елнұр Абдурахманов (Кентау)

Сонымен қатар «Күш символы» арнайы номинациясымен Төлеби ауданынан Жанғали Әлжанов, Түркістан қаласынан Нұрсұлтан Расулов және Сайрам ауданынан Алмардан Рустамбеков марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және құқықтық мәдениетті нығайтуға серпін береді.

Ұқсас жаңалықтар

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Redaktor Arysinfo

«БОЛАШАҚТА АЗ ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛМАУ ҮШІН ҚАЗІРДЕН ЖИНАУ КЕРЕК» МИНИСТР