Енді 3 қыркүйек ресми түрде «Қазақы тазы мен төбет күні» болып бекітілді. Тиісті Үкімет қаулысы 28 сәуірден бастап күшіне енеді.
Айта кету керек, тазы мен төбет — қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ит тұқымдары. Тазы-аңшылықта ерекше жылдамдығымен бағаланса, төбет — мал мен үйді қорғауда сенімді серік болған.
Бұл жануарлар қазақ тұрмысында тек көмекші ғана емес, адалдық пен қырағылықтың ерекше символы ретінде де орын алған. Олар көшпелі өмір салтында маңызды рөл атқарып, ата- бабаларымыздың күнделікті тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналған.
Сондай — ақ бұл мереке ұлттық құндылықтарды дәріптеп, төл тұқымдарды сақтау мен көбейтуге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
